Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Алған жарың жақсы болса 

Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек - "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?”- деп тамашалап, жүре қоймай отырганда, үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя беріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың құдыретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар,- депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған бала жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса - Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- депті.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Ізбасты мен көбе қыз

ізбасты жетпіс бес жасқа келгенде әйелі өліп, Шолтай дегеннің Көбе деген қызын айттырады. Қыз ізбастыны кәрісініп былай деген екен:
- Қиса қиуы келе ме,
Қарағайдың талменен.
Дәмі бірдей бола ма,
Қара судың балменен.
Бізге лайық бола ма,
Айттырғанмен малменен.
Қайтып ойнап-күлерміз Жетпіс бестегі шалменен.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Тұрлымбет қу мен саудагер

Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сойтсе әлгінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты. Әбден мазапары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде:
- Ай, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе? -
дейді.
- Білемін, - дейді Тұрлымбет.
- Білсең айтшы, бір шапан берейін, - дейді саудагер. Сонда Тұрлымбет:
Аш иттей ел қыдырған сен бір кезбе,
Үстіме таудай қылып арттың бөзді тынысымды алдырмай жүргізесің,
Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге.
Құтылсам осы қудан, уа құдайым,
Шалқақтап жүрер едім жапан түзде!- деп тұр.
Мұны босат та маған шапанынды бер , - депті
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Кенжетай мен нияз

Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп "Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды”, - деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұны Абылай есітіп бір күні күндеуші он биден: "Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?”- деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай, Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай ; "Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер”, - деп әлгіні айтыпты. Нияз: "Меніңше жердің құты жаңбыр; елдің құты - азамат; ауылдың құты - жақсы әйел, аймақтың құты - әділ басшы”- депті.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Абылай мен қарғысшыл қалмақ

Абылай қалмақтың қарғысшылынан қарғыстың жаманы қандай деп сұраганда, қарғысшыл, бірінші: "Шөбш жапырылмасын!”- депті. "Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қаргыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес , депті Абылай. Екінші, "Күлің шашылмасын”, - депті. "Бұ да қаргыс емес, балаң болмасын” дегенің ғой, өзім жақсы болсам, халықтын бәрі де менің балам”, - депті. Үшінші: "Өзің білме, білгеннің тілін
алма”, - депті. "Міне, жаман қарғыс осы!”- депті Абылай.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Мен саған не қылайын адай болсаң

Қасында баласы бар, астында нарға жеккен шанасы бар Шернияз жолаушы жүріп келе жатады. Қыс күні боран, бір үйге келеді. Үйден көлік оттатып, жылынып шығуға рұқсат сұраса үй иесі:
- Рұқсат жоқ, өзім де жылқым жұтап жүдеп отырмын, қонақ күтетін жайым жоқ, - дейді.
- Қай ру боласыз? - дейді Шернияз.
Үй иесі:
- Не қыласың қай ру екенімді? Құда боламысың? Танысаң Адаймын, танымасаң құдайыңмын. Бар, жолыңнан қалма, жүре бер! - дейді. Сонда Шернияз:
Мен саған не қылайын Адай болсаң,
Үйіңнен шай берсейші, олай болсаң!
Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,
Жылқынды неге өлтірдің құдай болсаң?
Тарыдай талқанынды шығарган екен,
Құдаймен азгана күн сыбай болсаң! - дейді.
Үй иесі кешірім сұрап, түсіріп қонақ еткен екен
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Сөз анасы не? 

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атагына сырттай қанық: "Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі”, - деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені:
Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? — деп сұрайды.
Сырым батыр:
- Сөз анасы — құлақ,
Су анасы - бұлақ,
Жол анасы - тұяқ! - деп жауап береді.
Үргеніш шешені:
- Дау мұраты не?
Сауда мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не? - дейді.
Сырым батыр:
- Дау мұраты - біту,
Сауда мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету,
Жол мұраты жету, - дейді.
Үргеніш шешені:
- Намазда жан- жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? - деп сұрайды.
- Жан-жагыңызга сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? - дейді.
Үргеніш шешені:
- Сізді екі аяқты, бір адам бапасы жеңді ме? - дейді.
Сырым батыр.
- Сырымның айтқанын тындамай, өз сөзін сога берген адам Сырымды күнде жеңеді, - дейді.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Тасып жүргенім жоқ

Сырым Нұралыга наразы болып жүргенде: "Аз бен көпті, ак пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу-біреуд* шауып жеп жатыр, елді басқара алмадың”, - деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда
Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! депхі. Сонда Сырым:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай оасып жүрмін, - депті.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Отын олжа, су нұрлық

Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның аулының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрган хан баланы шақырып алып:
- Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?! - дейді.
- Тақсыр, даланың отыны олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық, - деп жөніне жүре береді
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Табалдырықтан биік тау жоқ

Нұралыны шаппақ болғанда, ағайыны бөгет жасай беріпті, сонда Сырым: "Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ”, - деген екен
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.