Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Менің атым асаубай 

Бір жылдарда қыс қатты, жер мұз болып, мал жұтайтын болған соң орта жүз елі ішінде Зәңгір төренің баласы Омар төре бар жылқыларын "Обаған-тімжүр” деген жерге айдайды. Қанжыгадан Дауытқұл - Сейітқұл деген жігіттер Асаубайды ертіп олар да сол жерге жүреді. Жолда Обаған өзенінен Қожық деген эр өткен жылқыдан бір бие, бір ат алып, өткелден өткізеді екен. "Барып біліңіз” деп Омар төре Асаубайды жұмсайды. Сонда Асаубай айтады:
Е, елде жүргенде екі көзің ежірейіп, екі құлағың қамыстай боп, екі езуің тапыстай боп, сөзің ұргыңа сыймай, енің бұтыңа сыймай, маган жол бермеуші едің гой өзің бар, - депті. Омар төре: "Сіз барып жолыгыңыз”, деп сұраган соң ақыры барыпты. Асаубай барса, Обаған өзенінің басында, Жардың астында, екі үйде көп адам жиналып отыр екен. Бәрі де мал айдагандар, одан-бұдан мал алыгі қалмақшы екен. Омардың да он жылқысын айдатып алыпты.
Сонда Асаубай тұрып:
Ассалаумагалейкүм Алдияр төре,
Зәңгірханның баласы Омар тұр.
Жер дүниені кара жердей обар тұр
Жалбарынбақ бізден емес,
Жарылқамақ сізден емес пе?
Тілемек бізден емес пе,
Тілек бермек сізден емес пе?
Өрттің орнында бір топ көде қалатын Сіз жұртқа келген сілем емес пе...
У а, неғып жатырсың Қожақ,
Жатқаныңнан тұрмайсың аяғын созып,
Үнемі атың бәйгеден келе бермес озып,
Тоқтауына кездессең бір-ақ күнде
Кетерсің тозып Атам батыр Тұрсынбай,
Ешкімге кеткен бойсынбай.
Уа, менің атым Асаубай,
Жақсы-жақсы сөзім бар,
Жиып алса, жүк қып жиған жасаудай.
Өткір-өткір сөзім бар,
Көк тасқа салған қашаудай .
Он жылқымды алдырып,
Қорықпайсың ба құдайдан? - депті.
Сонда Қожық Омардың он жылқысына бір жылқы қосып он бір жылқы ғып малын қайырған екен.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Наудың ешкі дауы

Нау бір туысқанынан ешкі даулап Ақмырза бидің алдына келіпті.
Бір ешкі үшін туысқаныңмен дауласып, би алдына келгенің не, Нау? - дейді Ақмырза. Сонда Нау:
Ешкім саусам бұлақ еді, іші толған лақ еді.
Терісі бұтама қап еді,
Мүйізі пышағыма сап еді.
Тоқты қарын майы бар еді,
Тоқсан шақпақ құрты бар еді, - дейді. Сонда Ақмырза:
Ешкіңнің мақтауын жеткіздің. Енді ағайыңына ауысқан бір ешкіңнің билігін өзің айтшы! - дейді.
Бидің билігіне бір ат, төрешіге түк жоқ. Ешкінің мойнына қосақ, артына тіркеу, - деп туысына қарап тагы былай дейді:
Қу туысқан, өлетін қойдың көзіндей көзің бозарып кетіпті гой, қайыр, қалғанын саган кештім! - депті.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Шақшам шақша-ақ еді

Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқанды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл "шақша даулай келдің бе?”- деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: "Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?”- дейді. Сонда Әлдеке шебер:
Шақшам шақша-ақ еді,
Шақша да болса жақсы-ақ еді,
Кер бұғының мүйізі - нақысы еді,
Бір қысырақ істеген ақысы еді.
Гауһар мен жақұттан салган көзі бар еді,
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі Бар еді, - деген екен.
Хан: "Шақшасын қайырып бер, қайырмасаң қалаганын бер”, - деп кесім айтыпты.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Орал таудың ор түлкісі

Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз агайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Соны Абылай біліпті. "Мені басынганы гой”, - деп на-мыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жоргалап: "... Тоғыз айыппен жолыңызды алып кетіңіз, байқаусызда балалықпен болған гой”, - дейді.
Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер: "Бұл сізге қыр көрсеткені деп біліңіз, мұны басуыңыз керек”, - деп шагыстырып отырган соң: "Мен малға қуана алмаймын, тентек інінді өлтірмей ашуды баса алмаймын”, - дейді Абылай. "Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын”, - дейді Бекболат. Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан тақтырып ала жөнеледі. Сол күні түстікке бір көгал жерге келіп қонган соң, Абылай: "Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар”, - деген соң: "Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстандар” дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасындагылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір тебе еді,- дейді Абылай. Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, әлден уақытта кайта шауып келіп, әлгідей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі Айнала қуса ит жетпес.
Орал таудың ақ иығы,
Ақ иық келсе, тек кетпес,
Сондадағы мерт етпес! -
Деп байлаулы тұрган інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындагылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай: Мына мен "Бекболат, сен бір төбе, басқалар бір төбе еді” дегенге намыстангандай болдыңдар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсаңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындагы билеріне.
Сол арасын аңғара алмай отырмыз? - деген соң, Абылай: Білмесендер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті,- "Орал таудың түлкісі” деп ол өзін айтты. "Айнала кұса ит жетпес” деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы” деп мені айтты. "Ақ иық келсе тек кетпес” деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың дегені. "Сондагы мерт етпес” дегені ханнан халық күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылына салып, інімді жібер, жәбірің болса, айып алып бітерсің дегені” депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. ‘'Көп қорқытады, терең батырады” деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаймығып қайтып кетіпті.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Ел намысы - ер намысы

Орта жүзден Ұлы жүзге мал алып қайтуға барымташы барып, түн жамыла жылқы үйіріне килігеді. Осы сайыста орта жүздің бір адамына найза қадалады. Жаралы адам жолшыбай өліп, сүйегін елге әкеліп қойган соң Орта жүз Ұлы жүзден құн сұрайды. Үлы жүз оган көнбейді. "Орта жүздің өлген адамына құн төлей берсек, малымыз жете ме және біздің кісіміз іздеп барып өлтірген жоқ”, - деп бет бактырмайды. Орта жүздің адамдары "Үш жүзге билік айтқан аганың баласы гой”, - деп Төле биге жүгінуге келеді. Даугерлердің арасынан жогары отырган біреуі дауының жөнін аитады. Тыңдап болып, Төле оң қолын созады. - Бұл қалай, - деп екінші талапкер сөйлейді. Төле сол қолын созады.
- Апырмай, мына кісі сөзін жеткізіп айта алмады ма? - деп үшінші кісі сөйлейді. Мұны тыңдап болып Төле үстіңгі ернін шьіғарады. "Бұған да жауап бермеді” деп төртінші біреу сөйлейді.
ұны да тыңдап болған соң, Төле астыңғы ернін шығарады. Даугерлердің бар сөз білемін деген төртеуі жауап алмаған соң, елге Қайтады.
Билер келгеннен кейін жұрт жиылып, Төленің жауабын сұрайды. Билер "гіаң адам екен, басын да көтермейді” дейді. Жиналған жұрт:
- Апырай, бұл қалай, үш жүзге билік айтқан адам еді ғой, бір ауыз жауап бермегені ме? Өздерің не айтып едіңцер? - деп сұрайды. Билер әңгіменің қалай өткенін түгел баяндап айтып береді. Сол кезде көптің арасынан ұзын бойлы, кара торы, қыр мұрынды, зор кеуделі бір жігіт кербез сөйлейді:
- Жоқ, Төле би жауап бермеймін демепті. Бұдан басқа менімен сөйлесуге жарарлық адамың бар болса, сөйлеп көр деген екен. Ана ишарасы - бұрыңғы сөйлесушілерге берген сыны, ілегері екі би сөйлегенде, екі қолын еозғаны - сендер ұзын сойыл, ұрда жық, қара барымтаның адамысыңдар, сөз сөйлеп құн апарлық адам екен. Кейінгі екі адам сөйлегенде екі ернін шығарғаны - сендер агайында шагыстырып, өсек айтып, ат мініп, ас ішерлік қана адамсындар. Мұнан басқа жөн білетінің бар болса, сөйле дегені екен. Бұлардан басқа жібі түзу сөйлеуші болмаган соң, бітімді далага берсін бе?...
Бұл сөйлеген кәдімгі Едіге батыр екен. Сол жерде отырған жұрт: - Төленің жатып айтқан жұмбақ ишарасын, мұнда отырыгі шешуге жараған сен алдына барып сөйлесіп, сөз алуға да жарайсың. "Ел намысы - ер намысы” деп Төлемен сөйлесуге Едігені аттандырады. Едіге үлкен билік сөз сөйлеп, Төле лайықты сый көрсетіп, бітім жасап қайтады
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Әділ төрелік

Ертеде бір бай адам болыпты, бай екі әйел алады. Ол кезде ел әйелін көпке көрсетпейді екен. Бәйбішеден бала болмай, тоқалдан туган бір баланы бәйбіше бауырына салып тәрбиелейді. Сол уақыттың салты бойынша бала туган шешесін танымай, бәйбішені "анам” деп өседі.
Бір кезде елге жау тиіп, мал-мүлкін шауып алып, ұлын құл етш, Қызын күң етіп баска елге көшіріп алып, ұлын құл етіп, қызын қүң етіп баска елге көшіріп алып кетеді. Барган жерде балалы әиелге жеңілдік болады. Екі әйел айырылысып балаға таласады.
С« Да^ казынь'Ң алдына түседі. Қазы даугерлерден сұраса, екеуі Де өзім таптым” деп жамандасады. Қазы төрелік - билік айтайын Десе, аныгына жете алмайды. Содан кейін бір білгіш қазыга: н несіне бөгеліп ойланып отырсыз, екі әйел баланы бібіріне Кимаса, онда баланы қақ жарып екеуіне бөліп беріңіз, екеуі де разы
болсын, - депті. Қазы "бұда дұрыс екен” депті де "ертең келіңіздер, билік құрам, үкім етем” депті.
Ертеңіне келіп, жұрт жиналған соң, қазы үкімін айтыпты. "Үкім баланы қақ жарып екеуіңе бөліп беру, осыган разысыздар ма?”- депті. Сонда бәйбіше:
- Бала өзімнің тар құрсағымды кеңітіп, тас емшегімді жібіткен балам еді, түн ұйқымды төрт бөліп тәрбиелеп, асырап едім. Өтірікші жалақор қатынға кеткенше, көз алдымда өлсін, өзіме тиісті денесін қолыма беріңіз. Қолымнан арулап қояйын, артынан дұғасын оқытып, батасын қалдырып отырайын, менің тілегім осы, - депті.
Екінші әйел, о да алдымен ананың айтқанын айтып зарлап жылап жіберіпті де:
- Шіркін, құлынымды өлімге қимаймын. Алты қырдың ар жағында жүрсе де аман жүрсін, өлтірмей оны өтірікші әйелге беріңіз, мен баламның тірлігін тілеймін. Бірақ осы үкіміңізді ұмытпастай қылып балама ескертіңіз! - депті. Қазы билік шығарылар апдында, "осы бала кімдікі” деп кеңескенде, биліктің құрамында” отырган адамдар:
- Бала тоқал - мына соңгы әйелдікі: Ана әйел баланы жақсы көргендігінен басқаға қимай отыр. Не болса да, шын анасы баласын өлімге қимайды. Бала соңгы әйелдікі депті. Қазы солай үкім шығарыпты.
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Бейбіт елде сән болар

Айдаболдың тоқал әйелінен туған Тайкелтір деген бала кезінде түйе іздеп Үйсін Төле шешеннің ауылына келіп, Төленін үйіне түсіпті.
Төле баланың аты-жөнін сұрап білген соң: "Ә, балам, отыр, қон, әкең Айдаболдың сыбагасын жеп кет”, - депті. Шэй ішіп болған соң, бір жігіт бір тоқтыны алып келіп: "ИлаЬи, әмин!” - дегенде, үйде отырган ауыл ақсақалдары бата істей бастапты. Сонда он бір жастагы Тайкелтір: "Мен бұл қойдыН батасына қол көтермеймін”- депті. Отырган ақсақалдар: "Неге олай”, деп сұрағанда бала: "Е, шешеннің өзінің сөзі бар, "әкеңнің сыбағасын жеп кет” деген. Мен әкемнің сыбағасын жеймін және әкем сыбағасына батаны өзім істеймін”, - депті. Төле баланың сөзінен тосылып бір құлын алдыртыпты. Сонда бала тоқтамастан былай депті:
Сыбағама-келді құлын, Қалдырмай ас дамын.
Ақсалдар тойынсың, Шығармасын үнін.
Бала деп мені басынбай Байқап бассын жымын.
Қартқа жас азық қашанда, Сіздерге бұл құлын сыйым. іздеп келдім түйемді Сіздерден алман тиын.
Түйеме тіркеу, қарттарым, Таппай жүрсе ол қиын.
Әкеме барсам мақтанып Тіркеуді берсем ел жиын. Қарттар қарсы болмаса,
Төле атам берсін сыйын, - депті.
Құлынның етін жеп, жатып, ертең түс кезінде тұрса, ауылдың сыртында бес жүздей адам жиналған. Бала таңырқап "бұл не” деп сұрапты.
Сонда Төле:
Е, Тайкелтір шырағым!
Бейбіт елде сән болар,
Бүлінген елде дау болар.
Даудың түбі жау болар,
Жаудың түбі шаң болар,
Шаңдатып жау айқасса,
Айта жүрер күн болар, -
Дегендей, біз Үйсін, Дулат деген екі ру ел едік. Үйсіннің бір Жігіті Дулаттың бір қызымен шатасыпты. Шатасудың соңы қыз екі ат болыпты. Бертін келе қыз елінен ұялып: "Менде кінә жоқ, Ж1Г1Т 30Рлаган соң осылай болдым” депті. Ел азаматтары бұған
қызынып "ЖІГІТТІ бер, таспен атып өлтіреміз”, - деп маған билікке келіп отыр. Егер олардың айтқанын істемесең, Үйсінді Дулаттар шабады, Дулаттардың айтқанын істемесең, Үйсіндер мені шабады. Осы дауға не істерімді білмей тұрмын, осының билігін саган берейін шырағым, сен айт”, - депті.
Бала "өзіңіз білесіз” депті.
Екі елдің адамдары жинапып болтан соң Төле билікті балаға беріпті. Сонда екі жақтан отырған талапкер билер: "Е, бала, билік айта ал асы ң ба ? Бұл дау тоқты- торым емес, ер құны дау ғой”, - десіпті. Сонда бала жұлып алғандай: "Е, айтпайтын несі бар?” - дей келіп:
Қарттардың жасы үлкен,
Жастардың басы үлкен.
"Жас - дененің қабы,
Бас - мидың қабы.
Ми адамның қаны.
Ми төрені бере білер,
Даушылар сөзге көне білер.
Айтқанға егер көнбесе,
Жауласып екі ел бүлінер.
Даушылар сөзін көпке берсе Көпшілік Төле атама берсе,
Атам сөзді маған берсе,
Менің аузыма құдай салса,
Тура сөзге кім күлер?!”
Халық пен Төле атамнан рұхсат болса, бұл дауды мен бітірейін”,- депті.
Халық та, билер де баланың сөзіне риза болып, билікті балаға беріпті. Сонда Тайкелтір қыз бен жігітті шақырып алып, жігіттің қолына қылыш, қыздың қолына қылыштың қынабын береді. Сүт қайнатым уақыт беріп екеуіне бұйырады. Жігітке айтады: "Осы сүт қайнатым уақыт ішінде қалайда қылышты қыздың қолындағы қынапқа сал, егер салмасаң таспен атып өлтіртемін”, - дейді.
Қызга айтыпты: "Сен мына жігіттің қылышын қолындағы қынапқа салғызба, егер салғызсаң дарга тартқызып өлтіремін
цейді. Екі жагы да риза болып, қыз бен жігітті сайыстырып қоя беріпті.
Уакыт бітіпті, бірақ қыз қынапқа қылышты салдыртпапты. Осы кезде қыз жағы жігіттің мойнына аркан салып, таспен атып өлтіруге тарта жөнеліпті.
Сонда тұрып Тайкелтір бала "тсқтандар” деп жұртты тоқтатыгі:
Бұл жігіт зорлаудан ақ екен, қыздың өзі ықтияр екен, ұялганнан айтқаны екен, көрін тұрган жиқсыңдар ма: өзі әлсіз, өзі екіқабат бола тұра қолындағы кылыштың қабына қылышты салғызбауға әлі келгенде, денесін қоргауға әлі келмей ме? - деген екен. Сөйтіп өлтіру дегенді қойдырып, жігіт жагынан екі қырық жетінің малый қыз жагына алып бергізіп, екі елді тыныштандырган екен
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
1
Байдалы мен толе

Атақты Ұлы жүз Үйсін Теле би Қуандықка келіпті. Төле бидің жер жарған даңқын естіп жүрген Қуандықтың ел жақсылары жиылып келіп: "Сізбен құда болгымыз келеді, не қыз беріңіз, не қыз алыңыз”, - деп жабысады. Сонда Төле би: "Ұлымның бәрі үйленген. Бой жетіп отырган қызым бар, соны берейін. Қалың малы жүз жылқы, он бес түйе, бота мойын Жамбы!” - деті. "Құп болады ,- деп айтқан қалың малын, сол жолы бір жола беріп жібереді. Риза болған Төле би: "Қызымды бір жыл сақтайын: ендігі жылы осЫ уақытта келіп жесірлеріңді ал”, - депті.
Жыл өткен соң Қуандықтан қырық адам келінді аламыз деп Төле биге барады. Бұл екі ортада Төле бойжетіп отырган қызын бір бай өзбекке беріп, ұзатып жібереді. Одан көп мал, ақша апады.
арған Қуандық кісілеріне: "Ер жеткен баланы аңдып отыру қиын ®Кен> қызым бір өзбек жігітімен қашып кетті. Келінді алам десендер шкенге барып, келіндеріңмен ауыз ба ауыз сөйлейсіңдер, лмаса, "игіліктің ерте-кеші жоқ” деген, бір келінім буаз, соған Р ндар - деп5 сөз де, теңдік те бермейді, аяғына отырғызбайды.
Қуандық кісілері былай шығып ақылдасып: "Бұл қорлыққа
шыдап болмас, Төле бидің жылқысынан жүз жылқы барымта алып қайтайық, сонда да он бес түйе, бота мойын жамбы қалып жатыр гой! - деседі де, Төле бидің жылқысынан өздерінің берген жүз жылқысын санап алып еліне қайтады. Жылқышылар қуып бұлармен соғысады. Бір соқыр жылқышы жиырма кісіні аттан түсіріп, бұларды әлсіретеді. Сөйтіп жүргенде жаңбыр жауып күн шытырлағанда әлгі мықты, соқыр жылқышыға жай түсіп өледі. Қалғандарын бұлар жеңіп, жылқыларын еліне айдап қайта береді.
Бір жылдан кейін құн даулап Төле би Қуандыққа келсе, Абылай да осы елге келіп жатыр екен. Төле би соған жүгінеді. Абылай дауды созып кейінге қалдырады. "Ендігі жылы тап осы уақытта келемін, оған дейін екі жағың да сегіз-сегізден би сайлап алыңдар. Мен Төбе би боламын”,- деп Төле биді еліне қайырып жібереді. Төле би еліне барып сегіз биді сайлап алып, жыл өткен соң Қуандыққа қайта келеді. Абылай да келіпті. Куандық ұмытып, би сайламапты. Асыгыста жеті би тауып бір би таба алмай , енді үш күнге Абылайдан мұрсат сұрайды. Абылай береді. Ал бұл арада Төле би "жылқышымньің құны екі мың жылқы” деп құн дауын даулап бір мың жылқыны Абылайға бермек болады. Мұны Қуандық сезеді. Жеті би күнде кеңес құрады. Бұлардың сөздерін он екі жасар, асық ойнап жүрген Байдалы есітеді. Бір күні жеті бидің қасына келіп сөздерін тыңдап тұрса, Төле биді сөзден жеңе алмаймыз, оның үстіне бір биіміз кем. Осы дауды өршітіп алмай екі мың жылқысын беріп біту керек деген қорытынды байлауға тоқтайды. Мұны естіп тұрган бала: "Ағалар, бұларың дұрыс емес, Төле бидікі зорлық. Зорлыққа төзіп болмайды. Сегізінші бидш орнына мені алып барыңыздар. Төле бимен мен сөйлесіп көрейін, есе алмасам, есемді жібермеспін, мені баласынбаңыздар! Біздш ісіміз ақ емес пе, аққа алла жақ дейтіні қайда? - депті.
Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық билері жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай кім сөйлеседі дегенде, он екі жасар Байдалы.
- Мен сөйлеймін. Аймен аталас емеспіз, күнмен батала емеспіз бұлтпен туысқанымыз жоқ, сол күнгі жауған жаңбырға жақындасып жуысқанымыз жоқ. Құдайга шықпағынды 111 дегеніміз жоқ. Құрығын сүйрете алмай жүрген Үйсіннін соқЫр жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз жоқ. Елінде талай каск мен жайсаңдар жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан алғ құнынды корсет, Төле би? Құдайдан құн алмасан, мен Де
бермеймін. "Тура биде туган жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген. Дұрыс төрелігінді айт, Абылай! – депті
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Сары табақтан сарқыт қайтар

Шу өзенінің жайылымына Арғын мен Үйсін рулары таласып, дауға Арғын жағынан Тобықты Құнанбай, Үйсін жағынан ысты Бақтыбайдың баласы он төрт жасар Сары Әжібек шыгады. Баланы кергенде, сөйлесуге менсінбей Құнанбай: "Ата тұрып бала сөйлегеннен без, байы тұрып қатыны сөйлегеннен без”, - деуші еді. Қарсы отырган мыпа бір бейәдеп балаң кім? - дейді . Сонда Сары Әжібек шешен былай депті:
Мен ұлы жүздің белгілі Сарысымын,
Бақтабайдың мандайындагы дәрісімін.
Мандайымның бағы бар,
Таңдайымның дағы бар.
- Ал, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз бе? Не Арғын емес, не Найман емес, ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар, он көзіңнің ағы бар сен дуанбасы болып билік айтқанда, менШ Үйсіннің сөзін айтпайтын не кемдігім бар?
Құнанбай сөзден тосылып: "Қой асығы қолыңа жақсы сака тұт, бала да болса ақылы асса аға тұт”, - деуші еді, бала сөзін қандым, енді ағалық билігіңді айт!”
- Сары табақтан сарқыт қайтар. Билігін маған берсен, оэР. бауырыма тартпайын. Шу өзенінің сол жагын Үйсін, оң жағас Арғын жайласын, - деп төрелік айтыпты Әжібек
Санаттан алынған материалдар "Шешендік сөздер"
0
Құлдық шешен

Өткен заманда Көкпек Уатай деген би болыпты, өзі тентек кісі екен. Уатайдың қарауындағы елдің мекені Жалаңаш, Сарыкөл, Қойбаған және Құти деген жерлер болады. Елдің көпшілігі ол кезде көшіп жүретін болса керек. Әсіресе Төреқарада Бақшақ деген ел тегіс көшпелі екен, жаз қырды жайлап, қыс Қызыл Құмға көшеді екен. ішке көшкенде жаңагы Қойбаған, Құти, Жалаңаш, Сарыкөл жүретін жолы екен, қонайын десе Уатай жер-суды қориды, шөбіне түссе, малын ұстайды, сұрай барса адамдарын ұрып-соғады, зәбірлейді екен. Қонбай кетейін десе жер тым кереғар, малы шөлдейді, адамдары шаршайды. Көп уақыт сүйтіп бақшақтар қиыншылықтарга ұшырайды. Сол кезде Бақшақта Құлдық деген шешен болыпты. Бір жылы күзді күні көшті Құлдық шешен болыпты өзі бастап Сарыкөлдің басына әдейі келіп қоныпты.
Қонган елді көріп Уатай атына міне шауыпты. Жанына бес- алты жігітті ертіп алып, жылқысын қуып, адамын ұрып келейік, - деп аттаныпты.Бұлардың келе жатқанын көріп, құлдық шешен алдарынан шыгып Уатайға сәлем беріпті. Уатай сәлемін ернінің ұшымен алып: "Бұл жерге саған кім қон деді?” - депті. Құлдық: "Ақылым қон деді”, - депті. Уатай: "Ақыл. қалай қон деді?” - депті, Ақылым ақпан соқса өлмейсін, тоқпан соқса өлмейсін, Уатай бір соққанда қата қаласын ба? Сен бір қонғанда, Сарыкөлдің суы орталанар деймісің, Көсіктінің оты ортаналар деймісің, қон-қон деді ’ - депті Құлдық. Сонда Уатай мақтанып кетіп: "Ой, тілі кесілгір, қона ғой ! Сенің азғана малыңа су да тартылмас, шалғын Да^жапырылмас, бес-алты күн ерулеп көшерсін”, - депті де кейін Қайтып кетіпті.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.