Мінезің ауыр болсын 

Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:
- Менің сізге келген жұмысым - біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім, - дейді. Сонда Бөкен: "Саган батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің?- деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін, - дейді.
Батасын бергеннен кейін: "Мен недесем де бәрінің мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер”, - дейді Бөкен карт. Сонда Сырым:
- Арқан көп мінгеннен жауыр болсын дегенің- халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл, - дегенің. Мінезің кара жердей ауыр болсын дегенің - беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын дегенің - не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма - дегенің. Құлагыңнан сыбыр кетпесін дегенің - ел арасында дау-жанжал көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл - дегенің. Жасың алпысқа жетпесін деген батаңызга мен түсіне алмадым, - депті.
Сонда Бөкен қарт Сырымға ақырған екен:
- Мен сенен құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Менің жасым сексен төртке келді. Алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік женді, - міне, алты бәле деген осы. Бұған қалай түсіндің? - дейді Сонда Сырым батыр:
- Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз өзіңнен туған кей бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкені дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз сол баланың әйелі, келінің. "Осы шалга не керек екен, берген асты ішіп жата бермей”,- дейтін шыгар. Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен.
Сырым оған 'аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: "Бөкең саған неге шертті, оған сен аузыңды ашып, тілінді шығардың, ол не сөз?”- дейді. Сонда Сырым: "Ол кісі маған басын шерткені - басқа бәле қайдан келеді”,- деген жұмбагы еді; менің оған тілімді көрсеткенім: "Басқа бәле қызыл тілден келеді дегенім”,- депті

Караулар: 947

Түсіндірмелер саны: 0
Түсініктемені тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.